Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ДСМ: Коронавирустан сауыққандардың саны сырқаттанғандардан артты

9 Декабрь 2021 08:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирустан сауыққандардың саны сырқаттанғандардың санынан басым.

Қараша айының көрсеткіші қазан айымен салыстырғанда 1,6 есе көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында мәлім етті.

«Республикада ПТР тест қорытындысы бойынша коронавирус инфекциясының 977 714 жағдайы және 83 209 теріс жағдайы тіркелді. Науқастардың 95%-дан астамы сауықты. Аурудың репродуктивтілік саны – 0,92 және тамыз айымен салыстырғанда 1,2 есе төмендеу байқалады», деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, ол бүгінгі таңда «қызыл» аймақта тек Ақмола облысы тұрғанын атады.

«Сары» аймақта Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Нұр-Сұлтан қаласы бар. Қазақстан Республикасы мен 11 өңір жасыл аймақта орналасқан.

Республикада вирустан сауыққандардың саны сырқаттанғандардың санынан басым. Қараша айында сауығып шыққандардың саны қазан айымен салыстырғанда 1,6 есе көп», - деді Алексей Цой.


Юқорига