Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Демалыста күн жылы болады - Қазгидромет

15 Октябрь 2021 12:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 16-18 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан аумағына антициклон әсер етуі жалғасады. Республиканың дерлік барлық аумағында құрғақ, жылы күн райы сақталады. Еліміздің тек батыс бөлігінде ғана циклон әсерінен жаңбыр жаууы мүмкін. Батыс және оңтүстік бөлігінде жел күшейіп, шаңды дауыл болады. Республиканың батыс, солтүстік-батыс бөлігінде күндіз ауаның температурасы 12-22 градус жылы болса, солтүстік, шығыс және орталығында 13-20 градусқа дейін, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыста 13-23 градусқа дейін көтеріледі», - делінген хабарламада.


Калит сўзлар: Қазгидромет, Ауа райы,
Юқорига