Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Дәрігер өзінің білімі мен біліктілігін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс - кардиолог

19 Сентябрь 2021 11:08

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әр дәрігер өзінің білімі мен біліктілігін, құзыреті мен кәсіби деңгейін үнемі жетілдіріп, медицина саласындағы жаңалықтарды оқып-біліп отыруы тиіс. Бұл туралы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Роза Қуанышбекова айтты, деп хабарлйады ҚазАқпарат тілшісі.

Симуляциялық білім орталықтарының әр білім алушыға өз бетінше талап етілетін процедураларды орындауға мүмкіндік беретін виртуалды және роботталған манекендерді пайдалана отырып, жас дәрігерлерді оқыту кезінде практикалық білімі мен дағдыларын меңгерудегі алатын орны зор.

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрайымы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Роза Қуанышбекованың айтуынша, қазіргі кезде медицина қарқынды дамуда, дәрігердің жұмысы үнемі жаңа технологияларды, диагностика мен емдеудің жаңа әдістерін меңгеруді талап етеді.

«Симуляциялық технологияларды қолдану оқу үдерісін тиімді етуге мүмкіндік береді, нәтижеге пациенттерге, оқытышылар мен тыңдаушыларға қауіп төндірмей қол жеткізіледі, әсіресе пандемия кезінде. Бұл технологияларды қызметкерлердің біліктілігін арттыру процесіне енгізу – объективті қажеттілік», – дейді Роза Тоқтанәліқызы.

Институтта қызмет ететін жүрек-өкпе реанимациясы, интервенциялық кардиология және аритмология симуляция орталықтары, сондай-ақ гибридті зертханалар резиденттер мен дәрігерлерге теориялық және практикалық дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді.

«Білім алушылардың Simbionix ANGIO Mentor Suite симуляторында эндоваскулярлық араласулардың дағдыларын меңгеруге мүмкіндіктері бар. Бұл - нақты уақыт режимінде рентгеноскопияның бақылауымен орындалатын эндоваскулярлық процедуралардың компьютерлік медициналық симуляторы. Ол ангиография, ангиопластика және стенттеу секілді эндоваскулярлық процедураларды жүргізудің жеке немесе командалық жаттықтыруын ұсынады», - дейді рентгеноэндоваскулярлық операция блогының меңгерушісі, интервенциялық кардиолог, рентгенхирург Алексей Колесников.

Жүйенің анатомиялық құрылымдарды шынайы 3D көрсету және интервенциялық құралдарды пайдалана отырып процедураларды шынайы имитациялауға және тактильді сезімдер жасау қабілеті бар.




Simbionix ANGIO Mentor коронарлық араласулардың негізгі дағдылары жөніндегі модульді қамтиды, онда жүрек тамырларын стенттеу кезіндегі асқынулар бойынша симуляциялық бағдарламалар, асқынулармен күресудің практикалық дағдыларын әзірлеу және жіті коронарлық синдром кезіндегі интервенциялық араласулар енгізілген.

Сонымен қатар, дағдарыстарды зерттеу орталығының (Литва, Каунас қаласы) қолдауымен құрылған гибридті зертхана жұмыс істейді.

Дағдарыстарды зерттеу орталығы әзірлеген оқыту әдістемесі білімді тез және тиімді таратуға, сондай-ақ персоналдың практикалық дағдыларын практикада қолдануға мүмкіндік береді.

Зертхана 7/24 жұмыс істей алады, бұл персоналға қолайлы уақытта зертханада жұмыс істеуге және практикалық дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Кардиология кафедрасының басшысы, медицина ғылымдарының кандидаты Айсұлу Мұсағалиеваның айтуынша, барлық сабақтар бейнетаспаға жазылады, оларды нұсқаушы қарап отырады.

Курс аяқталғаннан кейін қорытынды тапсырма беріледі, ол да бейнетаспаға жазылады және нұсқаушы бағалайды.

Гибридті зертхананың базасында түрлі тақырыптар бойынша, мысалы «Жедел кардиологиялық көмек», «Мамандандырылған реанимациялық көмек», «Бастапқы бағалау және COVID-19 инфекциясы бар пациенттерді емдеу» және тағы басқа тақырыптағы курстар жүргізіледі.





Муаллиф Алма Мұқанова
Калит сўзлар: Білім, Алматы, Медицина,
Юқорига