Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Дариға Назарбаева Үкімет басшысынан интернетке қатысты бірнеше сұраққа жауап беруді сұрады

23 Июнь 2021 12:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Дариға Назарбаева Премьер-Министр Асқар Маминге цифрландыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселесі бойынша сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың нәтижелері бойынша мемлекет Қазақстан Республикасы халқының 98,7% интернет желісіне кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етті. Бұл сандардың дұрыстығына сарапшылар да, халық та күмән келтіреді. 510 ауылдық елді мекенде Интернеттің төмен жылдамдығы байқалады. Сонымен қатар, Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол картасының 36-тармағы аясында қалалық және ауылдық мектептердің білім сапасындағы алшақтығын азайту үшін 2025 жылға қарай 100% көрсеткішке қол жеткізе отырып, 2021 жылы ауыл мектептерінің 80% жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету қажеттілігі атап өтілді», - деп тоқталды Д. Назарбаева.

Ол интернеттің төмен жылдамдығының себебі ретінде Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ауылдық елді мекендерді Интернетпен қамтамасыз ету үшін қосымша қосылуларды пайдалану қажеттігін айтты.

«Осыған байланысты тиісті сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймын. Ауылдық елді мекендерде интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз етудің нақты технологиясын қолдану туралы шешім қалай қабылданады және осы технологиялардың айырмашылығы неде? Байланыс операторлары ауылдық елді мекендердегі «соңғы миля» мәселесін қалай шешеді және шешімнің қандай тәсілі неғұрлым тиімді болып отыр? Қазіргі заманғы технологиялар енгізіледі ме және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі немесе Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органы «соңғы миляны» қосудың қандай да бір түрінің мақсаттылығын айқындауға қатыса ма? Ауылдық елді мекендерде интернетке қосылу сапасын тұрақты негізде өлшеу жүргізіле ме және бұл мәселе Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік органының құзыретінде тұр?», - деді депутат.


Юқорига