Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

COVID-19: Ақтөбеде бір тәулікте 137 адамнан коронавирус анықталды

24 Сентябрь 2021 16:21

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Оқу жылы басталғалы 473 сыныптың оқушылары карантинге жіберілсе, оның 134-інде шектеу мерзімі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы «қызыл» аймақта. Бір тәулікте тағы 137 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

«Ақтөбе облысы бойынша инфекциялық стацонарларда 658 адам жатыр. Оның 84-і жансақтау бөлімінде. Науқастардың 15-і өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Балалар туралы айтар болсам, 261 бала бақылауға алынса, оның 9-ы ауруханада ем алып жатыр. Жүкті әйелдердің 33-і ем қабылдап жатыр. Бесеуінің жағдайы ауыр», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.

Оның айтуынша, бір аптада өңірде 15 адам COVOD-19-дан көз жұмды.

«Балалар арасында жағдай тұрақты. Оқу жылы басталғалы 473 сынып карантинге жіберілсе, оның 134-інде карантин аяқталып, оқушылар сабаққа барып жүр. Қазір 339 сынып карантинде»,- деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Гүлбану Дәулетова.


Муаллиф Алтынай Сағындықова
Калит сўзлар: Ақтөбе облысы, Коронавирус,
Юқорига