Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Былтырғы ана өліміне қатысты фактілер тексеріліп жатыр

18 Май 2022 15:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен жылы елімізде ана өлімі 3-4 есеге артып кетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Былтыр ана өлімі 3-4 есе өскен болатын. Бұл коронавирус инфекциясының салдарынан орын алды. Тек Қазақстан ғана емес, бүкіл дүниежүзінде ана өлімі артты. Тіпті өлім-жітімнің артқаны да белгілі», - деді Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Министрдің дерегінше, өткен жылғы ана өлімінің 70 пайызы коронавирусқа байланысты, ал қалғанына жүктілік салдары, яғни акушерлік қан кету, эклампсия сияқты басқа да аурулар себеп болды.

«Олардың ішінде медициналық көмектің сапасыз көрсетілген фактілері де бар. Ол фактілердің бәрін тиісті органдарға жібердік. Қазіргі уақытта былтырғы жағдайларға байланысты тексеру жүріп жатыр. Тіпті, сотта жатқан істер де бар», - деді ол.


Юқорига