Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Бүгін еліміздің көптеген қаласында ауа сапасы нашарлайды

24 Январь 2022 04:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 24 қаңтарда еліміз қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуал туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

24 қаңтарда Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Нұр-Сұлтан, Шымкент, Жезқазған, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Петропавл және Павлодар (1-дәрежелі), Өскемен (2-дәрежелі), Семей (2-дәрежелі), Риддер (2-дәрежелі) қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Аударма Саягүл Жарылқасын
Калит сўзлар: Экология, Қазгидромет,
Юқорига