Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстандық спортшы қарсыласынан жеңіліп қалды

28 Октябрь 2021 19:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында бүгін ел құрамасынан Нұрлан Сапарбай қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұрлан Сапарбай 92 келіден жоғары салмақта испаниялық Аюб Гадфа Дриссимен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында боксшылар бір-бірімен лайықты қарсылық көрсетті. Десе де төрешілердің басым бөлігі испандық спортшының жеңісіне қолдау білдірді. Осылайша Нұрлан Сапарбай алғашқы жекпе-жегінде жарыс жолынан шығып қалды.

Сондай-ақ, бүгін елорда уақытымен 22:00-де кешкі сессияда 1/16 финалда Серік Теміржанов (57 келі) 1/16 финалда жапониялық Реито Цуцумимен шеберлік байқасса, Абылайхан Жүсіпов (67 келі) венесуэлалық Кристиан Паласиомен кездеседі. Жанкүйерлер жекпе-жектерді «Qazsport» телеарнасы арқылы тікелей эфирде тамашалай алады.

Еске салсақ, ұлттық құрама сапында Теміртас Жүсіпов (48 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Саматали Төлтаев (60 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Айбек Оралбай (92 келі) шаршы алаңға шыққан жоқ. Ал Сәкен Бибосынов (51 келі), Абылайхан Жүсіпов (67 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ел құрамасынан Бек Нұрмағамбет (86 келі) 1/16 финалда бразилиялық Кено Мачадоға есе жіберді.


Муаллиф Әділжан Үмбет
Калит сўзлар: Спорт, Бокс,
Юқорига