Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бокс: Серік Теміржанов Токио Олимпиадасын жеңіспен бастады

24 Июль 2021 09:48

ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында боксшылар додасының шымылдығы түрілді. Қазақстан командасы сапынан алғаш болып Серік Теміржанов шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

57 келіде жұдырықтасқан Теміржанов бірінші жекпе-жекте венгриялық Роланд Галошпен кездесті.

Аталған сын қазақстандық боксшыға айтарлықтай қиындық тудырған жоқ. Серік Теміржанов қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Есеп – 5:0.

Енді ол 16/1 финалда эквадорлық Жан Карлос Кайседо Пачитамен жекпе- жекке шығады.


Калит сўзлар: Бокс, Спорт, Олимпиада, Жапония,
Юқорига