Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҚО: Зашаған кентінде #aulafit жобасы аясында тұрғындарға арналған жаттығулар жасалды

30 Июль 2021 12:58

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Батыс қазақстан облысындағы Зашаған кентінде #aulafit жобасы аясында тұрғындарға арналған жаттығулар жасалды,деп хабарлайды ҚазАқпарат Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Covid-19 ауруының таралуына байланысты қазіргі таңда тыныс алу жолдарына арналған жаттығулар қариялардың денсаулығына үлкен септігін тигізері анық.

Жаттығу аясында тыныс алу мүшелерінің дұрыс жұмыс істеуін, өкпенің барлық ауруларға төтеп беруі мен оларды нығайтуға арналды. Жаттығу барысында қала тұрғындары алдағы уақытта #aulafit жобасына қатысып, көрсетілген жаттығуларды жасайтынын айтып жеткізді.




Жаттығуға БҚО Ардагерлер кеңесінің төрағасы Берген Мақсот, Орал қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Галиев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мынатаубиік Әнесов, Облыстық маслихат депутаты Шаттық Утебалиева, Зашаған кентінің әкімі Аққали Әубекеров, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Артур Шерғалиев спорт және мәдениет қызметкерлері, ардагерлер, еріктілер және Зашаған кентінің тұрғындары қатысты.

«Бүгінгі жаттығуымыз 1 қалалық емханаға қарасты сауықтыру бөлімінің нұсқаушысы Чкеева Сауленің нұсқауымен жасалып, өкпе желісін ыңғайту, тыныс алу жүйесінің қызметін және жалпы денсаулығымызды нығайтуға арналған болатын»,-делінген хабарламада.











Юқорига