Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

БҚО-да 260 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды

18 Январь 2022 23:17

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 259 915 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентімен егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, бұл – егілуге тиісті тұрғындардың 62,7 пайызы.

Сондай-ақ 245 847 адам (59,3 пайызы) екінші компонентті қабылдады.

Облыс бойынша 26 741 адам ревакцинациядан өтті.

Өңірде 6588 адам Pfizer вакцинасын алса, соның 3455-і – жасөспірімдер, 234-і – жүкті, 2899-ы – сәби емізетін әйелдер.

Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, пандемия басталғаннан бері 41 569, соның ішінде 2020 жылы 9 221, 2021 жылы 30 849 адам індет жұқтырды.

Жыл басынан бері 1499 адамнан коронавирус табылды.

Қазіргі таңда 504 төсектік 8 инфекциялық стационарда емделіп жатқан 169 науқастың төртеуі ауыр халде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда инфекциялық стационарда жатқандар саны 150-ден асқанын, 57 мыңнан асттам оқушыны қашықтан білім алуда екендігін жазған болатынбыз.




Муаллиф Елжан Ералы
Калит сўзлар: Вакцина, Коронавирус, Батыс Қазақстан облысы,
Юқорига