Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҚО-да 235 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы екпе алды

27 Октябрь 2021 14:21

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 235 143 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентімен егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, өңірде барлығы 414 389 адам егілуі тиіс болса, бұл – соның 56,7 пайызы.

Соның 213 188-і екінші компонентті қабылдады.

Облыс орталығы Орал қаласында 224 092 адамның 121 613-і бірінші компонентпен егілді.

Өткен тәулікте 720 адам бірінші компонентпен егілсе, соның 53-і – созылмалы сырқаты бар адамдар.

Басқарма мәліметіне қарағанда, соңғы тәулікте 47 адамнан коронавирус анықталса, 61 науқас сауығып шықты.

Пандемия басталғаннан бері 38 736 адам ауырып, 31 958-і жазылып шықты. 808-і көз жұмды.

Жыл басынан бері тіркелген 29 515 науқастың 20 374-і – ауру белгісі бар адамдар.

Биыл сырқаттанған 2870 баланың 2808-і емделіп болды. 62-сі сауығу үстінде.

Соңғы аптада алдыңғымен салыстырғанда, індет жұқтыру көрсеткіші 4,6 пайызға төмендеді.

Облыс бойынша 685 адам амбулаторлық ем алуда. 219 науқас стационарларда жатса, соның 22-сі ауыр халде. Олардың арасында инвазивті жасанды тыныс алу аппаратына қосылғандар жоқ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да коронавирус жұқтырғандардың дені вакцина алмағандар екенін жазған болатынбыз.


Юқорига