Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл 200-ден аса жаңа мектеп салынады - Ералы Тоғжанов

27 Сентябрь 2021 15:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мектептерге қатысты орын тапшылығы 260 мыңға жетті. Бұл туралы Үкіметтегі онлайн баспасөз мәслихатында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында әлеуметтік салаға, оны дамытуға қатысты бірқатар жүйелі міндеттерді нақтылап, белгілеп берген болатын. Атап айтқанда, білім және ғылым саласы бойынша бірінші міндет - 1 мың жаңа мектеп құрылысы. Тәуелсіздік жылдары елімізде 1900-ге жуық жаңа мектеп салынды. Алайда демографиялық өсу қарқынына байланысты мектептер тапшылығы әлі де бар. Егер де бүгінде орын тапшылығы 260 мың болса, 2025 жылға дейін ол шамамен 4 есеге дейін ұлғаюы мүмкін», - деді Е. Тоғжанов.

Оның айтуынша, жаңа мектептер құрылысы барысында 2 мыңнан 4 мыңға дейін арттырып, оны жеке сектор есебінен салу ескеріліп отыр.

«Жалпы, биыл кемінде 200-ден аса жаңа мектеп салынады. Нәтижесінде, 2025 жылға қарай орын тапшылығын, сондай-ақ апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін толықтай шешетін боламыз», - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Е. Тоғжанов толық білім беретін ауыл мектептерін жан басына қаржыландыруға көшу іске асырылатынын нақтылады. Қазіргі кезде өңірлер арасында мектептерді қамтамасыз етуге жұмсалатын қаржы айырмашылығы айтарлықтай болып тұр.


Муаллиф Руслан Ғаббасов
Калит сўзлар: Құрылыс, Мектеп, ҚР Үкіметі,
Юқорига