Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Білім мекемесі бір дәптерді 95 мың теңгеге сатып алмақшы болған - Ақмола облысы

15 Октябрь 2021 14:49

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында мемлекеттік сатып алу арқылы бір дәптерді 95 мың теңгеге сатып алмақшы болған. Бұл туралы Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Арман Рахимовтың қатысуымен өткен бағаны көтеру және бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалануды болдырмау фактілерін анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу мониторингінің нәтижелері туралы онлайн-брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік сатып алу саласы сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерін жасау үшін қолайлы орта болып табылатыны ешкімге құпия емес, жыл сайын осы салада мыңдаған заң бұзушылықтар анықталады. Осыған орай, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу үшін Департамент «сатып алудың бірыңғай терезесі» порталы арқылы мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жүргізеді, оның қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тиісті ұсынымдар жолданады», - деді Арман Рахимов.

Осылайша, жыл басынан бері мониторинг шеңберінде Департамент енгізген ұсынымдардан кейін сатып алуға жоспарланған тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге жоғары бағаларды төмендету арқылы 1 миллиард теңгеден астам қаражат үнемделді.

Мысалы, Ақмола облысы аудандарының біріндегі білім мекемесі 14 250 000 теңгеге немесе бір данасын 95 мың теңгеге дәптер сатып алуды жоспарлаған. Ал 1 дәптердің орташа нарықтық бағасы - 60 теңге. Департаменттің уақтылы араласуының арқасында сатып алу тоқтатылды және бюджет қаражаты үнемделді. Мекеменің түсіндіруі бойынша, дәптердің бағасының белгіленген бағадан жоғары болуына мемлекеттік сатып алу порталы әкімшісінің жіберген қателігі себеп болған.

Сондай-ақ, «Еңбек – Көкшетау» ШЖҚ РМК филиалы мемлекеттік сатып алу арқылы жалпы сомасы 6 миллион теңгеге немесе 1 кг үшін 200 теңгеге сұлы сатып алмақшы болған. Ал сұлының нарықтық бағасы-90 теңгені құрайды. Осылайша Департаменттің уақтылы араласуының арқасында мемлекеттік сатып алуда ұсынылған баға төмендетіліп, 3 миллион теңгеден астам қаржы үнемделді.

Осы ретте, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өңірлік қызметтің басшысы ақмолалықтарды бюджет қаражатының жұмсалуын қоғамдық бақылау аясында белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырады.



Муаллиф Аслан Оспанов
Калит сўзлар: Сыбайлас жемқорлықпен күрес, Ақмола облысы,
Юқорига