Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Батыс Қазақстанда жол апатынан үш адам көз жұмды

27 Январь 2022 13:54

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жол апатынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 27 қаңтар күні Самара-Шымкент жолында Теректі ауданы Подстепный ауылы маңында болды.

Шамамен сағат 08.50-де «Венойл» жанар-жағар май стансасы тұсында «Фольксваген Шаран» автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жол шетінде тұрған «Мерседес» жүк көлігімен соқтығысуға жол берген.

Соның салдарынан 1987 және 1988 жылғы екі әйел, сондай-ақ 1976 жылғы ер адам оқиға орнында қаза тапты.

Жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

БҚО полиция департаменті жүргізушілерге жол ережесін қатаң сақтау керектігін еске салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысында екі автокөлік соқтығысып, бес адамның ауруханаға жеткізілгенін, сондай-ақ мектепке жалған бомба қойылғанын жазған болатынбыз.




Муаллиф Елжан Ералы
Калит сўзлар: Батыс Қазақстан облысы, Оқиға, Көлік, ҚР ІІМ,
Юқорига