Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Батыс Қазақстанда Ресей нөмірін таққан көліктерді 102 мың теңгеге тіркеп жатыр – фейк

19 Январь 2022 14:01

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған ХҚО-да Ресей нөмірлі көліктерді 102 мың теңгеге тіркеп жатыр деген хабар тарады. Жергілікті органдар бұл мәліметтің жалған екенін айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы БҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі мәлім еткендей, аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Фотосуреттегі мемлекеттік нөмір 2022 жылдың 13 қаңтарында берілген, бірақ көліктің өзі 2002 жылы алғашқы тіркеуден өткен.

«Көлікті қайта өңдеу және өзге де кедендік алымдарды қоспағанда, ресейлік нөмірі бар автокөлікті қайта тіркеу үшін көліктің шыққан жылына байланысты 0,2-ден 500 АЕК-ке дейін төлеу қажет. Сондықтан азаматтардан автокөлік жүргізушілері арасында жалған ақпарат таратпау сұралады», деп хабарлады ведомстводан.






Муаллиф Елжан Ералы
Калит сўзлар: Ресей, Батыс Қазақстан облысы, Көлік, Оқиға, Фейк,
Юқорига