Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Батыс Қазақстан облысында 35 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті

24 Январь 2022 11:36

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 35 010 адам ревакцинациядан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, сондай-ақ 7763 адам Pfizer вакцинасын салдырса, соның 3998 - жасөспірімдер, 275 - жүкті, 3490 - бала емізетін әйелдер.

Осы кезге дейін облыс бойынша 263 506 адам (егілуге жататын тұрғындардың 63,6 пайызы) бірінші, 247 721-і (59,8 пайызы) екінші компонентпен егілді.

Күні бүгін өңірде 94 317 доза - І, 126 721 доза ІІ компонент вакцина бар.

Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, жыл басынан бері 4176 адамнан коронавирус анықталса, соның 1091 - балалар.

Қазіргі кезде 653 төсектік 11 инфекциялық стационарда 291 адам емделіп жатса, соның ішінде 12 науқастың жағдайы ауыр.

Жыл басынан бері 5 адам коронавирустан көз жұмды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да науқастардың көбеюіне байланысты екі инфекциялық стационар ашылғанын жазған болатынбыз.


Юқорига