Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Барлық өңірде аптап ыстық: ТЖМ мүмкіндікке орай далаға шықпауға кеңес береді

23 Июль 2021 15:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК деректері бойынша еліміздің бірқатар өңірлерінде таяу күндері қатты ыстық күтіледі. Аптапқа байланысты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі қатты ыстықта қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

24 шілде күні күндіз Нұр-Сұлтан қаласында 35 градус қатты ыстық болуы ықтимал.

24 шілде күні күндіз Ақмола облысында 35-37 градус, ал өңірдің батысында 40 градус аптап ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

24-25 шілдеде күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде 40 градус ыстық болады. Кей жерлерде өрт қаупі бар.

Күндіз 24-26 шілдеде Жамбыл облысының кей жерлерінде аптап ыстық 44 градусқа көтеріледі. Өрт қаупі сақталады.

25 шілдеде күндіз Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Кей жерлерде өрт шығу қаупі бар.

25 шілдеде күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 46 градус ыстық болады. Өрт қаупі сақталады.

25-27 шілдеде күндіз Маңғыстау облысында 44 градус қатты ыстық күтіледі.

Төтенше жағдайлар министрлігі ыстықтан сақтану үшін азаматтарды аса қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес береді, сондай-ақ:

- ағзаны сусызданудан қорғау үшін көп су, күніне кемінде 1,5-3 литр сұйықтық ішу керек;

- аптап ыстықта кез-келген физикалық белсенділіктен бас тартыңыз;

- күндіз күн сәулесі бөлмеге кірмеуі үшін терезелерді ашық реңкті перделермен жабыңыз;

- күн өтпес үшін бас киім, ашық ауа өткізетін киім (мақтадан жасалған) киіңіз. Ыстық ауа райында балаларға ерекше назар аударып, сақ болыңыз.

Сонымен қатар, ТЖМ азаматтарды дала және орман алқаптарында болған кезде қауіпсіздік қағидаларына сақтауға шақырады. Әдетте, табиғи өрттердің орын алуының негізгі себептері халықтың отты абайсыз пайдалануы, сөндірілмеген темекі, алау, жанған сіріңке, майлы немесе тозығы жеткен шүберек, шыны бөтелке, көлік құралының сөндіргішінен ұшқыны, құрғақ шөптің жағу, найзағай болып табылады.


Юқорига