Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бақытжан Сағынтаев: Биыл Алматы жастарына 2050 пәтер берілді

8 Декабрь 2021 13:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жастарды баспанамен қамтуға арналған бағдарламаларға енгізілген өзгерістер туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы жастары» бағдарламасын былтыр 14 млрд теңгеден бастаған болатынбыз. Оның 10 млрд теңгесін жергілікті бюджет, 4 млрд теңгесін «Отбасы банк» берді. Биыл енді баға қымбаттағандықтан, 18 млрд теңгеге көтердік. 14 млрд теңгесін әкімдік, 4 млрд теңгесін «Отбасы банк» береді. Оның негізгі шарты – «5-10-25». Ең тиімділігі – бағдарламаға қатысушылар пәтерді қай ауданнан алатынын өз таңдайды», - деген қала әкімі мұндай шешімге қалай келгендерін түсіндірді.

«Жастар осындай мәселені алдымызға қойған болатын. «Сіздер бізге жаңа соққан пәтерлерді беріп жатырсыздар. Бірақ мемлекеттік бағдарламамен салынған пәтерлердің бәрі негізінен төменгі аймақта – Жаңа Алматы жақта орналасқан. Ал біздің жұмысымыз орталықта. Ана жақтан келіп-кетудің өзі машақат. Оның өзінде ипотека бойынша несиеге берілетін үй. Сол себептен бізге таңдаған пәтерімізді алуға мүмкіндік беріңіздер», - деген өтініш айтқан болатын.

Былтыр 1000 пәтер алды. Оның ішінде квота бойынша, 300 дәрігер, 300 мұғалім, арасында спортшылар, журналистер, мәдениет, білім, ғылым өкілдері алып жатыр. Биыл да сол квоталық есеп бойынша 1000 пәтер беріледі. Келесі жылы да бұл бағдарлама жалғасады. Өйткені өте үлкен сұранысқа ие», - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Әкімнің айтуына қарағанда, Алматының жұмысшы жастарын арендалық баспанамен қамту бағдарламасы да өзгеріске ұшырап отыр.

«Екінші бағдарлама – кезінде Елбасының тапсырмасы бойынша қабылданған жасы 29-дан аспаған жұмысшы жастарды жалдамалы баспанамен қамту. «Ал «Алматы жастары бағдарламасының жас шектеуі – 35 жасқа дейін.

Мына айтып отырған бағдарлама бойынша пәтер 5 жылға дейін беріледі. Арендасы – айына 10 мың теңге. 5 жылдан кейін босату керек. Бірақ енді 5 жыл өткеннен кейін не болатынын уақыты келгенде көреміз. Ол үйлердің бәрі қаланың төменгі бөлігінде салынған. Биыл «Рахат», «Мәдениет», «Саялы» жақта салынды. Сапасы өте жақсы», дейді қала басшысы.

Айтуынша, әуелде аталмыш бағдарлама арқылы салынған үйлердің сапасы өте төмен болған. Өйткені мердігерлер конкурс арқылы іріктелген.

«Біз Үкіметпен былай деп келіскенбіз. Біз әкімдік ретінде үй саламыз. Рұқсат берілген құны 180-200 мың тегеден аспауы керек. Конкурс бойынша салынған үйлердің сапасы төмен болып жатыр. Сапасын барып көрсең, өзің ұяласың. Баспанасы жоқтар амалы жоқ, алады. Сосын біз ұсыныс жасадық: «Біз бағаны көтерейік. Есесіне жеке құрылыс компаниялары салған дайын үйлерді сатып аламыз. Құрылыс компаниясы өзі соққан кезде сапалы етіп соғады. Сапалы құрылыс материалдарын пайдаланады дегендей. Бағасы сәл жоғары болатын шығар, бірақ жастарға берген кезде ұялмайсың. «Рахат», «Мәдениет» беріліп жатқан үйлердің сапасы сондай. Бұл бағдарлама бойынша 1050 пәтер берілуі керек. Сонда биыл жастар осы екі бағдарлама бойынша 2050 пәтер алады», -деді Бақытжан Сағынтаев.


Муаллиф Есімжан Нақтыбай
Калит сўзлар: Құрылыс, Әкім, Жастар, Тұрғын үй, Алматы,
Юқорига