Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Әзербайжанда төрт аптада коронавирус жұқтырғандардың 40%-ынан «омикрон» табылды

21 Январь 2022 02:42

БАКУ. ҚазАқпарат – Коноравирустың «омикрон» штамы әлемнің көптеген елдерінде таралып жатыр. Әзербайжанда осы штамды жұқтырғандар саны өсіп жатыр. Бұл туралы Әзербайжан денсаулық сақтау министрі Теймур Мусаев Жедел штаб брифингінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Министрдің айтуынша, «омикронның» таралу жылдамдығы басқа штамдарға қарағанда өте жоғары, сондықтан ауру жұқтырушылар саны жылдам өтуде. Маскалық режим мен әлеуметтік қашықтықты әрбір азамат сақтауы тиіс.

«Барлығы маска тағып, әлеуметтік қашықтықты және жеке гигиенаны сақтауы керек. Карантин режимін қатаңдатуға негіз жоқ, жаңдай бақылауда. Барлық қажетті медициналық жабдықтар, дәрі-дәрмек, жатын орын жеткілікті. Бұған қатысты проблема жоқ. Біздің әрі қарай жоспарымыз жағдайдың қалай өзгеретініне байланысты», - деді Теймур Мусаев.
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы басқа елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, «омикрон» штамы табылғаннан кейін біздің елімізде коронавирус жұқтырған адамдардың 40%-ына әсер етуі мүмкін деп болжауға болатындығын атап өтті.
Соңғы уақытта Әзербайжанда коронавирус жұқтырғандар саны өсіп жатыр. Өткен тәулікте 1151 адам вирус жұқтырды, тоғызы қайтыс болды. Мамандар инфекция жұқтырғандар саны көбейсе, карантин режимін қатаңдатуы мүмкін екенін ескертеді.
Муаллиф Ақбөпе Әбдрасул
Калит сўзлар: Әлемдегі коронавирус, Омикрон, Әлем, Әзербайжан,
Юқорига