Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ауғанстанның оңтүстігінде мешітте жарылыс болды

15 Октябрь 2021 17:30

КАБУЛ. ҚазАқпарат – Ауғанстанның оңтүстігіндегі Қандағар қаласында жұма намазы кезінде үлкен жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters сайтына сілтеме жасап.

15 қазан күні Барга Имам шейіт мешітінде жұма намазы кезінде үлкен жарылыс болды.

Орталық аурухананың ақпаратына сәйкес, жеті адам мерт болған, тағы 13 адам жарақаттар алған. Осы арада BBC кем дегенде 16 адамның қаза тауып, 32 адамның зардап шеккені туралы мәлімдеді.

Қазіргі кезде жарылыстың себебі белгісіз, алайда оны жанкешті-лаңкес жасады деген болжам бар.

Қазіргі кезде лаңкестік топтардың ешқайсысы жарылыс үшін жауапкершілікті мойнына алмады.

Куәгерлердің айтуынша, үш жарылыс болған – басты кірер есікте, ғұсыл алатын жерде және мешіттің ішінде.

Куәгерлердің хабарлауынша, оқиға кезінде мешітте адам көп болған. Әдетте жұма сайын мешітке келушілер саны артады. Жарылыстан кейін оқиға орнына кем дегенде 15 жедел жәрдем көлігі жеткен.

Сонымен қатар мешітке тәліптердің арнайы жасағы жіберілді. Олар жағдайды өз бақылауына алып, адамдардан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қан тапсыруды сұраған.

Өткен жұма күні елдің солтүстігіндегі Құндыз қаласындағы шейіт мешітінде жұма намазы кезінде жанкешті-лаңкес шабуыл жасап, салдарынан 50 адам мерт болды. Ол кезде Ислам мемлекеті лаңкестік ұйымының жергілікті бөлімшесі жауапкешілікті өз мойнына алған болатын.


Калит сўзлар: Әлем, Ауғанстан,
Юқорига