Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ауғанстан мен Ирак ШЫҰ қорғаныс министрлерінің назарында

29 Июль 2021 10:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Душанбе қаласында өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволары басшыларының кеңесі шеңберінде Қытайдың қорғаныс министрі генерал-полковник Вэй Фэнхэмен кездесті.

Сондай-ақ, ол іс-шараға қатысқан қорғаныс ведомстволарының басшыларымен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғанс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберіндегі екі жақты және көп жақты әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық өңірдегі, әсіресе Ауғанстан мен Ирактағы АҚШ пен НАТО әскери миссияларының аяқталуына байланысты қауіп-қатерлер санының артуын ескере отырып, ерекше маңызға ие болып отыр.

Қазақстанның Қорғаныс министрі бүгінгі күні өңірлік қана емес, жалпыәлемдік ауқымда да ролі айтарлықтай артып келе жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымының көптарапты бірлестік ретінде маңызды екенін атап өтті.




Нұрлан Ермекбаев қытайлық әріптесіне COVID-19 пандемиясына қарсы әрекет ету шеңберінде белсенді және нәтижелі ынтымақтастығы үшін ризашылығын білдірді.

Оның айтуынша, өзара көмек елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға ықпал етеді.

Қорғаныс ведомстволарының басшылары Қазақстан мен Қытай қарулы күштері арасындағы ынтымақтастықтың бүгінгі күні жоғары деңгейде екенін, сондай-ақ оны одан әрі дамытуға әлеуеттің бар екенін атап өтті.

Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев қытайлық әріптесін Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Сонымен қатар, Шанхай ынтымақтастық ұйымының қорғаныс министрлері кеңесі барысында Беларусь, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан мен Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының басшыларымен келіссөздер жүргізді. Тараптар әскери дайындық пен әскери білім беру, сондай-ақ қарулы күштер қызметінің басқа да өзекті бағыттары бойынша белсенді өзара іс-қимылды атап өтті.





Юқорига