Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атыраулық құтқарушылар пәтер есігін аша алмаған қартқа көмектесті

21 Январь 2022 04:00

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраулық құтқарушылар пәтер есігін аша алмаған кейуанаға көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл туралы қартың көршісінен хабар түскен.

«Атырау қаласының Абай көшесіндегі көпқабатты үйде тұратын қарт ана 20 қаңтарда пәтерінің есігін іштен аша алмай, құлап қалған. Кейуананың көмек сұраған айқайын көршісі естіп, департаменттің диспетчерлік пультіне сағат 20:22-де хабар берді. Құтқарушылар полиция қызметкерлерімен бірге пәтер есігін арнайы құралмен ашып берді. Ал, пәтерге кірген қарт әйелдің еденде құлап жатқаны анықталды. Жедел жәрдем қызметкерлері кейуанаға алғашқы медициналық көмек көрсетті», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында бір көлік өртеніп, екіншісі аударылып қалғанын жазған болатынбыз.


Муаллиф Бек Мұстафа
Калит сўзлар: Оқиға, Аймақ, Атырау облысы,
Юқорига