Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атыраулық 12 жасар шахматшы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

25 Сентябрь 2021 16:01

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраулық 12 жасар шахматшы қыз халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 12-21 қыркүйекте Ресей Федерациясының Челябинск қаласында халықаралық гроссмейстер В.Панченконы еске алуға арналған халықаралық шахмат турнирі өтті.

«Бұл турнирге қатысқан 57 шахматшының арасында 6 гроссмейстер, 30 халықаралық дәрежелі шеберлер бар. Ал, әйелдер арасындағы Ресей кубогының кезекті кезеңі болып есептелетін турнирде атыраулық шахматшы Зарина Нұрғалиева 13 жасқа дейінгі қыздар бәсекесінде жеңімпаз атанды. Осы жеңісінен кейін қазақстандық жас шахматшы ФИДЕ рейтингінде 140-сатыға көтеріп, 1950 ұпайға қол жеткізді. Ол енді Санкт-Петербург пен Ташкент қаласында шахматтан өтетін халықаралық фестивальге қатысып, рейтингтік ұпайын 2100-ге жеткізуді көздеп отыр. Бұл – ФИДЕ шебері нормативінің деңгейі» -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын атыраулық 12 жасар шахматшы әлем кубогының қола жүлдегері атанған.


Муаллиф Бек Мұстафа
Калит сўзлар: Атырау облысы, Спорт,
Юқорига