Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырауда заңсыз митингке қатысқан 11 адамның жазасы жеңілдеді

17 Январь 2022 22:47

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда заңсыз митингке қатысқан 11 адамды әкімшілік қамаққа алу мерзімі қысқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жергілікті 11 тұрғын биылғы 4-5 қаңтарда «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңның 2-бабының талаптарын бұзып, жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз заңсыз митингке қатысқан.

«Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Қазақстан Республикасында қылмыстық-жазалау іс-әрекетінің белгілері жоқ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнаманы бұзғаны үшін қамаққа алу түрінде әкімшілік жауапқа тартылған 11 адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарады. Олар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 488-бабының 6-бөлігін бұзған. Апелляциялық сатыдағы сот әкімшілік қамаққа алу мерзімін төмендетіп, істерді қарау кезінде өтелген мерзіммен шектелді. Соның нәтижесінде 1 құқық бұзушыға қатысты қамаққа алу мерзімі 13-тен 9 тәулікке дейін төмендетілді. Ал, 3 адамға қатысты 10-нан 8-ге, 4 адамға қатысты 10-нан 7-ге, 2 адамға қатысты 10-нан 6-ға, 1 адамға қатысты қамаққа алу мерзімі 5-тен 3 тәулікке дейін қысқартылды», -деп мәлім етті соттың баспасөз қызметінен.

Сот актілері заңды күшіне енді.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 497 адам ұсталғанын жазған болатынбыз.


Муаллиф Бек Мұстафа
Калит сўзлар: Төтенше жағдай режимі, Атырау облысы,
Юқорига