Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда заңсыз айналымнан 4 мыңнан астам психотроптық дәрі алынды

4 Декабрь 2021 13:22

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда заңсыз айналымнан 4 мыңнан астам психотроптық дәрі алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтің

айтуынша, 29 қараша - 3 желтоқсан аралығында «Дәрмек» профилактикалық іс-шарасы

өтті.

«Аталған іс-шара кезінде Атырау қаласында тұратын 1 700 дана трамадол, 85 дана трапикамед дәрі-дәрмектерін заңсыз сатып жүрген 47 жастағы әйел ұсталды. Қазір ол ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 426-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 4 мыңнан астам трамадол, 200-ден аса тропикамед дәрі-дәрмектерін тәркіледі. Сондай-ақ, есірткі сатудың 5 дерегі анықталды. Медицина саласының 1, серіктестіктің 1 қызметкері есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналысына байланысты нысандар мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзғаны белгілі болды. Фармацептикалық қызметтің және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың

қағидаларын бұзуға қатысты 5 дерек тіркелді. Осындай заң бұзушылыққа жол бергендер

әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - дейді Қамза Үмбетқалиев.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда трамадол сатып жүрген әйел ұсталғанын

жазған едік.


Муаллиф Бек Мұстафа
Калит сўзлар: Атырау облысы, Есірткімен күрес, ҚР ІІМ,
Юқорига