Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда төбелескен оқушылардың ата-аналары айыппұл төледі

26 Ноябрь 2021 21:08

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда төбелескен оқушылардың ата-аналары айыппұл төледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, әлеуметтік желіде

Атырау қаласындағы №27 И.Тайманов атындағы орта мектептің оқушылары арасындағы төбелес туралы ақпарат тараған.

Осыған орай аталған мектептің директоры Ару Қосымбаеваның айтуынша, 10-сынып оқушылары сабақтан кейін үйлеріне қайтар жолда бір-бірімен келіспей қалған.

Келіспеушіліктің соңы төбелеске ұласқан.

«Төбелес жайлы естіген бойда оқушыларды, олардың ата-аналарын мектепке шақырып,

мән-жайды анықтадық. Ата-аналар да, балалар да өзара келісімге келіп, татуласты.

Оқушылар сабаққа қатысып жүр. Кейіннен ата-аналары өзара келісе алмай, екеуі де

мектепке ескертпестен сотқа шағымданған. Ата-аналарды мектепке қайта шақырып, түсінік жұмыстары жүргізілді. Мектеп әкімшілігінің ықпалымен ата-аналар өзара ымыраға

келіп, татуласты. Сот шешімімен ата-аналар әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл төледі.

Қазір төбелескен оқушылардың бір-бірімен өзара қарым-қатынасы түзелді», -дейді Ару

Сүндетқызы.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда көлік жүргізген жассөпірім ұсталғанын жазған

болатынбыз.


Муаллиф Бек Мұстафа
Калит сўзлар: Атырау облысы, Қоғам, Айыппұл,
Юқорига