Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда сауда орталығында тыйым салынған діни кітаптар сатылған

10 Октябрь 2021 01:33

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда сауда орталығындағы дүңгіршекте тыйым салынған діни кітаптар сатылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 5-7 қазанда «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңның орындалысын бақылау мақсатында сауда орталықтарында рейд өткізді.

Рейдке облыстық дін істері басқармасының өкілдері қатысты.

«Бірлескен рейд кезінде Атырау қаласындағы қайырымдылық мекемелері, мешіттер, «Дина», «Байзар», «Насиха» сауда орталықтарындағы дүңгіршектер тексерілді. Сауда орталығындағы дүңгіршектің бірінде тыйым салынған діни мазмұндағы әдебиеттерді заңсыз сатуға қатысты бірнеше заңбұзшылық анықталды. Полиция қызметкерлері заңсыз сатылымнан 24 дана діни кітапты тәркіледі. Діни кітаптар сараптамаға жіберілді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сауда орталығындағы дүңгіршектің иесіне қатысты діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 490-бабының 1.3-тармағымен әкімшілік хаттама толтырылды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда деструктивті діни ағымның 44 өкіліне 1,9 млн теңге айыппұл салынғанын хабарлаған болатынбыз.

Юқорига