Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырауда нашақор жігіт супермаркеттің күл-талқанын шығарған

19 Январь 2022 14:49

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласындағы супермаркетті талқандаған нашақор қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 17 қаңтарда түнгі сағат 00:00-де болған оқиғаны растады.

Бұрыннан наркологиялық диспансердің есебінде тұратын 31 жастағы нашақор жігіт азық-

түлік сататын супермаркетке есіктегі әйнекті сындырып кірген. Супермаркет сөрелеріндегі азық-түліктерді оңды-солды шашып, жәшіктерді құлатып тастаған.

«Кәсіпкерлік нысанына материалдық шығын келтірген бұзақы ұсталды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған нашақор қамауға алынды», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында мас күйде рульге отырған 30-ға жуық

жүргізуші ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.


Муаллиф Бек Мұстафа
Калит сўзлар: ҚР ІІМ, Оқиға, Есірткімен күрес, Атырау облысы,
Юқорига