Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда қойма меңгерушісі мекемеден 2,3 млн теңгенің киімін ұрлаған

27 Октябрь 2021 22:36

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда қойма меңгерушісі мекемеден 2,3 млн теңгенің киімін ұрлаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, бұл дерек арнайы тексеру кезінде анықталған.

«Атырауда 38 жастағы қойма меңгерушісі өзі жұмыс істейтін мекемеден қысқы мезгілге арналған 50 дана күртеше мен 20 дана комбинезонды қолды еткен. Тексеру кезінде оның Қызылорда қаласының тұрғыны екені анықталды. Қойма меңгерушісінің мекемеге келтірген залалы 2 млн 380 мың теңгені құрады», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Бұған дейін Атырауда екі ер адам дүкеннен 200-ден астам бұқтырылған ет консервісін ұрлағанын жазған болатынбыз.


Муаллиф Бек Мұстафа
Калит сўзлар: Полиция, Қоғам, Қылмыспен күрес, Атырау облысы, Аймақ,
Юқорига