Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда қоршаған ортаны ластайтын көлікпен жүрген 16 жүргізуші жауапқа тартылды

31 Июль 2021 10:56

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда қоршаған ортаны ластайтын көлікпен жүрген 16 жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала аумағында тұрғындар тарапынан қоршаған ортаға бөлінетін зиянды қалдықтары шамадан тыс артып кеткен көлік құралдарының қозғалысы көбейіп кеткендігі жөнінде хабарламалардың жиі түсуде. Осыған байланысты Атырау қаласы Полиция басқармасы Облыстық экология департаментіне ұсыныс жолдап, 2021 жылдың 28-29 шілде күндері бірлескен жұмыстар атқарды.

– Атырау қаласы Полиция басқармасы қызметкерлері 20 дан астам көлік құралдарының қоршаған ортаға бөлінетін зиянды қалдықтардың нормаларына сәйкестігін тексерді. Тексеру кезінде 16 көлік құралының шығарындыларында ластаушы заттардың нормалары шамадан тыс екендігі анықталып, көлік жүргізушілері ҚР ӘҚБтК-нің 334-бабына сәйкес (Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кететін автомотокөлiктерді және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану) әкімшілік жауапқа тартылды, – деді Атырау облысы Полиция департаменті бастығы Қамза Үмбетқалиев.


Калит сўзлар: Көлік, Экология,
Юқорига