Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырауда биылғы 4 айда жүзге тарта әйелге экстракорпоральды ұрықтандыру жасалды

25 Май 2022 13:13

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында биылғы 4 айда 98 әйелге экстракорпоральды ұрықтандыру жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің мәліметінше, қазір бедеулік көбейіп, ерлі-зайыптылардың жалпы популяциясы 15-тен 18%-ға дейін артқан.

«Осы себептен, бала сүюді арттыру үшін экстракорпоральды ұрықтандыру тәсілі қолданылады. Бұл бағыттағы квотаны ерлі-зайыптылар да, ресми некеде тұрмаған ерлі-зайыптылар да алуға болады. Пациенттердің жасы 18-ден 42-ге дейін, елімізде тұрақты тіркеуде болуы керек. Облыста биылғы 4 айда ЭКҰ үшін 117 әйел комиссиядан өтті. Оның ішінде 98 әйелге ЭКҰ жасалды. Қазір 9 әйел аталған тәсілмен бала көтерді», -деді Асхан Байдуәлиев әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысында.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 52 жастағы әйел тұңғыш сәбиін босанғанын хабарлаған едік.


Калит сўзлар: Атырау облысы, Отбасы, Бала,
Юқорига