Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысындағы каналда балықтың неден қырылғаны анықталды

1 Август 2021 05:55

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы каналда балықтың неден қырылғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын Атырау облысының Исатай ауданындағы каналда балық қырылып, 197 келі өлексе жиналған болатын.

Балық шаруашылығы комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, алабұға, табан, шортан және мөңке балықтары қырылған Нарын суландыру-суару каналы «АтырауСушар» РМК-нің балансына алынған. Каналдың ұзындығы – 177,8 км, ені – 40 м. Жанбай ауылдық округінен Ақбас учаскесіне дейінгі аралықта каналдан 228 келі балықтың өлексесі жиналып, санитарлық нормаларға сәйкес жойылған.

«Су сынамаларын талдау нәтижелері бойынша аммоний азотының, хлоридтердің, темірдің, қалқыма заттардың және құрғақ қалдықтың шекті рұқсат етілген концентрациясынан (ШЖК) асып кеткені анықталды. Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бастамасымен «АтырауСушар» РМК-ға қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесін қарастыруда» -деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Муаллиф Бек Мұстафа
Калит сўзлар: Балық шаруашылығы, Экология, Атырау облысы,
Юқорига