Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында жол апатынан полиция қызметкері мерт болды

21 Октябрь 2021 16:15

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жол апатынан полиция қызметкері мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жол апаты 20 қазанда, сағат 5:00 шамасында болған.

«Кеше «Атырау-Орал» бағытындағы жолда Тoyota Ipsum алдымен сиырға, кейін Lada Priora көлігіне соқтығысқан. Салдарынан Lada Priora көлігінің рульінде болған полиция қызметкері көз жұмды. Ол Махамбет аудандық полиция бөлімінде учаскелік полиция инспекторы болып жұмыс істеген еді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жоғалып кеткен ер адам өлі табылғанын жазған болатынбыз.


Муаллиф Бек Мұстафа
Калит сўзлар: Оқиға, Жол, Көлік, Атырау облысы,
Юқорига