Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында вакцинаның І компонентін 250 мыңға жуық адам салдырды

29 Ноябрь 2021 13:48

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында вакцинаның І компонентін 250 мыңға жуықадам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кеше, 28 қарашада вакциналардың І компонентін 115 адам ектірген.

«Атырау облысында вакцина салдырудың маңызы туралы ақпараттық түсіндіру жұмысы

жалғасып жатыр. Осындай іс-шараның нәтижесінде биылғы 1 ақпаннан бері 249 мың 500

адам Covid-19-ға қарсы вакциналардың I компонентімен салдырды. Вакциналардың II

компонентін алған тұрғындардың саны 228 мың 906 адамға жетті. Сондай-ақ, бүгінге дейін 11 жүкті әйел мен бала емізетін 126 ана, 12-18 жас аралығындағы 142 жасөспірім Pfizer вакцинасын алды», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында Pfizer вакцинасын 84 әйел мен 51 жасөспірім салдырғанын, кейіннен бұл вакцинаны асханадағы сусындарға қосады

деген жалған ақпарат тарағанын хабарлаған едік.


Юқорига