Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында инфекциялық стационарларда 327 науқас жатыр

27 Сентябрь 2021 14:44

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында инфекциялық стационарларда 327 науқас жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулікте 53 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.

«Қазір облыстағы инфекциялық стационарларда қауіпті вирусқа шалдыққан 327 науқас емделіп жатыр. Ал, 862 пациент үйінде ем-дом алу үшін оқшауланған. Соңғы екі тәулік – 25-26 қыркүйекте 968 адам коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың I компонентін салдырды. Биылғы 1 ақпаннан бері вакциналардың І компонентін ектіргендердің саны 222 872 адамға жетті. Вакциналардың II компонентін алғандар 180 753 адамды құрап отыр» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында инфекциялық стационарлардағы науқастар 4 есеге азайғанын хабарлаған болатынбыз.


Муаллиф Бек Мұстафа
Калит сўзлар: Атырау облысы, Аймақ, Коронавирус,
Юқорига