Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында 660 мыңнан астам тұрғын емханаға тіркелген

23 Сентябрь 2021 00:34

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында емханаларға 660 мыңнан астам адам тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Атырау облысы бойынша филиалының директоры Байтолла Ғазизовтың мәліметінше, 15 қыркүйек-15 қараша аралығында бастапқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарын таңдау науқаны басталған.

«Бұл науқан жыл сайын өткізіледі. Тіркелу және емхананы еркін таңдау мүмкіндігі консультациялық-диагностикалық қызметтерге, ауруханада жатып емделуге, кез келген жоспарлы медициналық қызметтердің көрсетілуіне, медициналық жолдамаларды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласында медициналық көмек алуға құқық береді. Қазір өңірдегі емханаларға 660 992 адам тіркелді. Оның ішінде 1 725 шетелдік, 10 қандас, ауылдардың 360 157 тұрғыны бар», -дейді Байтолла Ғазизов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысының тұрғындары МӘМС есебінен күрделі ота жасатқанын жазған болатынбыз.

Юқорига