Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырау облысында 20 қарашадан бері Pfizer вакцинасын 3 887 адам салдырды

20 Январь 2022 04:00

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 262 мыңға жуық адам вакциналардың I компонентін салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасыөз қызметінің мәліметінше, тұрғындарға вакцина салу үшін 69 егу бекеті жұмыс істейді. Оның ішінде 10 жылжымалы бекет бар.

«Қазір Атырау облысында коронавирус инфекциясының таралуы өршіп тұр. Соған байланысты өңір «қызыл» аймаққа енді. Қауіпті вирустың таралуын тежеудің бірден бір жолы – вакцина салдыру. Былтырғы 1 ақпаннан биылғы 18 қантар аралығындағы кезеңде COVID-19 инфекциясына қарсы вакциналардың I компонентін 261 911 адам ектірді. Вакциналардың II компонентін салдырғандардың саны 244 855 адамға жетті», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Ал, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиевтың айтуына қарағанда, Рfizer вакцинасын салу былтырғы 20 қарашада басталды. Сол кезде өңірге вакцинаның 32 760 дозасы жеткізілген болатын. Биылғы жыл басынан бері аталған вакцинаның екі компоненті үшін 126 мың 520 доза жеткізілген.

«Бұл вакцинаны алатын 12 мен 18 жас аралығындағы балалар саны 63 138 адамды құрайды. Ал, бала емізетін және жүкті әйелдер саны – 35 362. Былтырғы 20 қарашадан бері Pfizer вакцинасын 3 887 адам салдырды. Оның ішінде бала емізіп отырған 1 880 ана мен 197 жүкті әйел бар. Сондай-ақ, 12-18 жас аралығындағы 1 717 жасөспірім мен 93 зейнеткер вакцина ектірді», -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында Pfizer вакцинасын 3626 адам салдырғанын хабарлаған болатынбыз.


Муаллиф Бек Мұстафа
Калит сўзлар: Атырау облысы, Коронавирус, Вакцина, Медицина, Аймақ,
Юқорига