Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырау облысына сәуірден бері 480 тонна қант жеткізілді

29 Май 2022 12:30

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысына сәуірден бері 480 тонна қант жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы Нұрдәулет Жұмасейітовтің мәліметінше, тағы 768 тонна қантқа тапсырыс берілген.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің қажетті қорын жасақтау үшін өңірге осы жылдың сәуір айынан бері 480 тонна қант жеткізілді. Бұған қоса тағы 768 тонна қантқа тапсырыс берілді. Қазірдің өзінде қанттың 128 тоннасы жеткізіліп, сауда нүктелеріне таратылып жатыр. Қанттың бір келісінің орташа бағасы – 385 теңге», - дейді Нұрдәулет Жұмасейітов.

Оның айтуынша, аздаған уақытқа созылған тапшылық туындаған. Бұл тұтынушылар тарапынан қантқа деген сұранысты арттырып жіберген.

«Атырау облысына бірінші сұрыпты ұн Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Көкшетау облыстарынан жеткізіледі. Қазір ұнның көтерме бағасы 162 теңгені құрайды. «Айналма сызбасы» арқылы бірінші сұрыпты ұн 40 сауда нүктесінде 160 теңгеден сатылып жатыр», - дейді басқарма өкілі.

Өңірге ұнмен бірге қосымша 1000 тонна бидай жеткізілген.

«Бірінші сұрыпты ұнның бағасы әртүрлі, дегенмен шекті бағадан төмен. Шекті баға бір келі үшін 191 теңгені құрап отыр. Бөлшек баға – бір келі үшін 180 теңге деңгейінде. Ал Атырау қаласының супермаркеттерінде нан бағасы көтерілген жоқ», - деп мәлім етті Нұрдәулет Жұмасейітов.

Қазір нанның ең төменгі бағасы – 110 теңге.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің қажетті қоры барын жазған едік.


Муаллиф Бек Мұстафа
Калит сўзлар: Атырау облысы, Әлеуметтік қолдау, Баға,
Юқорига