Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы келді

23 Июль 2021 01:01

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментіне азаматтық қорғау полковнигі Сәбит Кенжеханұлы Битаев басшы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков жаңа бастықты жеке құрамға таныстырды.

Бұған дейін Сәбит Кенжеханұлы Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Сәбит Битаев 1976 жылы 14 қазанда туған.

1998 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы жоғары техникалық училищесін өрт қауіпсіздігі технигі мамандығы бойынша, ал 2001 жылы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын өрт қауіпсіздігі инженері мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы институтты бітіргеннен кейін Алматы облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет жедел бөлімінің инженері болып бастады.

2008 жылдан бүгінгі күнге дейінгі аралықта азаматтық қорғау органдарында әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

Вице-министр ТЖД бастығының алдына алдағы кезеңге, атап айтқанда табиғи және техногендік сипаттағы түрлі ТЖ-ның алдын алу және санын азайту бойынша нақты міндеттер қойды.


Юқорига