Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы күрделі жөндеу жұмысы кейінге қалды

16 Октябрь 2021 01:56

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы күрделі жөндеу мерзімі кейінге ауыстырылды. Бұл ішкі нарықты дизель отынымен қамту үшін қолға алынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиевтың Атырау мұнай өңдеу зауытындағы механикалық тазарту қондырғысы мен «TAZALYQ» экологиялық жобасын іске асыру барысымен танысуы кезінде белгілі болды.

Зауыттың бас директоры Арман Қайрденовтің мәліметінше, 9 айда мұнай өңдеу көлемі 4 006 000 тоннаны құраған.

«Осы кезеңде 935 738 тонна жанармай, 1 168 276 тонна дизель отыны шығарылды. Шикізаттық мұнайды өңдеу тереңдігі – 76,06%. Қазақстанның ішкі нарығын дизельмен қамтамасыз ету мақсатында қондырғыларды жоспарланған жөндеуді кешірек мерзімге ауыстырылады. Жөндеу мерзімін ауыстыру жыл соңына дейін қосымша 82 251 тонна дизель отынын өндіруге мүмкіндік береді», -дейді Арман Қайрденов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын жанармай тапшылығына байланысты Атырау мұнай өңдеу зауыты дизель өндіруге кірісетінін жазған едік.


Муаллиф Бек Мұстафа
Калит сўзлар: Өнеркәсіп, Мұнай, Атырау облысы,
Юқорига