Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Астанада тағы бір қылмыстық топ ұсталды: Полиция 37 келі гашиш тәркіледі

8 Декабрь 2021 21:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада арнаулы операция өткізіліп, қалаға ірі көлемде есірткі заттарын жеткізуменжәне сатумен айналысып келген қылмыстық топты ұсталды. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұйымдастырушы әрі есірткі заттарын негізгі жеткізуші Жамбыл облысының 32 жастағы тұрғыны болып шықты. Оны ұстау кезінде жол сөмкесінен салмағы шамамен 27 келі болатын гашиш есірткі заты табылды. Ал екінші күдікті – Қостанай облысының 31 жастағы тұрғынының автокөлігін тінту барысында салмағы 9 келіге жуық гашиш есірткі заты алынып, тәркіленді», - деп атап өтеді ведомстводан.

Осыдан кейін полиция қызметкерлері күдіктілердің сыбайластарын анықтау және ұстау үшін жедел іздеу іс-шарасын өткізген. Нәтижесінде есірткі қылмысына қатысы бар тағы 3 адам ұсталды. Арнаулы операция барысында жалпы салмағы 37 келіге жуық есірткі заты алынды.

Күдіктілердің үстінен қылмыстық іс қозғалып, олар Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің уақытша оқшаулағышына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында есірткінің таралуына байланысты қылмыстық әрекетке тартылғандарды жазалауды қатаңдатуға баса назар аударылған. Біздің алдымызға осы проблеманы жою міндеті жүктелді. Қажетті жедел іс-шаралар қабылданып, есірткі қылмыстарын ашу үшін барлық технологиялық арсенал қолданылады», - деді Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің басшысы Ержан Саденов

Айта кетейік, жыл басынан бері полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 130 келі есірткі затын тәркіледі. Оның 2 келі 300 грамы – героин, 80 келісі – гашиш және 5 келі 700 грамы синтетикалық есірткі заты. 2 есірткі зертханасы жойылып, 49 есірткі сайты анықталып, бұғатталды.

Еске салайық, бірер күн бұрын елордада тағы бір ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталып, олардан 37 келі гашиш тәркіленген болатын.


Юқорига