Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Астанада 9 мыңнан астам әйел мен бала Pfizer вакцинасын салдырды

8 Декабрь 2021 14:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Досмырзаева Pfizer вакцинасын қанша астаналық тұрғын салдырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«15 қарашадан бастап елорда Pfizer препаратымен жүкті және бала емізетін әйелдерді, 12-18 жас аралығындағы балаларды вакциналауға кірісті. Толық үш апта ішінде осы вакцинамен тиісті контингенттен 9 300 адам вакциналанды. Pfizer қабылдау бойынша көшбасшылар қатарында жасөспірімдер тұр – 6 200-ден астам бала, одан кейін бала емізетін аналар бар – 2 800-ден астам. Ал жүкті әйелдер саны – 206. Балалар екпені медициналық ұйымдарда да, өз мектептерінің медициналық пунктерінде де ала алады», - деді Гүлназ Досмырзаева әкімдікте өткен брифингте.

Ол 22 қарашадан бастап бүкіл ел бойынша коронавирус инфекциясына қарсы ревакцинация басталғанын еске салды.

«Бүгінгі күні қала бойынша КВИ-ға қарсы қайталама вакцинаны медицина қызметкерлері, педагогтар, күш құрылымдарының қызметкерлері, 60 жастан асқан және иммунитеті төмен адамдар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің персоналы мен контингентінен 2 100-ге жуық адам алды. Ревакциналау санитарлық нормалар мен компоненттер арасындағы аралықты қатаң сақтай отырып жүргізіледі. Вакцинаны медициналық ұйымдар мен сауда-ойын-сауық орталықтарынан, сауда үйлерінен алуға болады», - деп түйіндеді Г. Досмырзаева.


Юқорига