Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Astana Open: Тимофей Скатов ширек финалға өте алмады

22 Сентябрь 2021 17:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Тимофей Скатов Astana Open ATP 250 турнирінің ширек финалына өте алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 280-орында тұрған 20 жастағы Т.Скатов екінші айналымда әлемнің 52-ракеткасы, Беларусь өкілі Илья Ивашкамен шеберлік байқасты.

Бұл кездесу 1 сағат 23 минутқа созылды.

Беларусь спортшысы 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

И.Ивашка 6 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Скатов 2 брейктен аса алмады.

Ивашка жартылай финалға шығу үшін осы жарыстың 1-ракеткасы, ресейлік Аслан Карацев немесе фин Эмил Руусувуоридің біреуімен таласады.

Астана додасы одан әрі жалғасуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Astana Open турнирінде Андрей Голубев пен Александр Недовесовтің ширек финалға шыққанын , Юлия Путинцеваның Острава жарысын жеңіспен бастағанын , сондай-ақ Елена Рыбакинаның екінші айналымға өткенін жазған болатынбыз.


Калит сўзлар: Спорт,
Юқорига