Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Асхат Аймағамбетов Жезқазған, Сәтбаев қалаларындағы мектептерге барды

20 Октябрь 2021 23:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ​ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қарағанды облысының мектептеріне барды. Бұл туралы министр желідегі парақшасында жазды.

«Бүгін жұмыс сапары барысында Жезқазған, Сәтбаев қалаларындағы мектептерге, сондай-ақ Кеңгір ауылдық мектебіне бардым. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасымен танысып, оқу кабинеттерін араладым. Сондай-ақ Жезқазған университетінің қызметкерлерімен кездесіп, мектеп директорларымен және өңірдегі білім беру бөлімдерінің басшыларымен жиналыс өткіздім. Мектеп оқушыларымен және педагогтермен де әңгімелестім. Балалар дәстүрлі форматта өтіп жатқан оқу процесіне қатысты ойларымен бөлісіп, мұғалімдер сұрақтарын қойды. Қазіргі уақытта балаларымыз үшін қолайлы жағдай жасау және ең бастысы, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру басты міндет болып табылатынын атап өткім келеді», - деп жазды министр.

Сонымен қатар министр бейнебақылау камераларымен, дабыл батырмаларымен жабдықтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс барысымен танысып, барлық кездесу мен жиналыстардың қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма берді.



Юқорига