Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақтөбеде көлік қаққан мектеп оқушысы оқиға орнында көз жұмды

4 Декабрь 2021 11:09

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 10-сынып оқушысын көлік қағып кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Келеңсіз жағдай 3 желтоқсан күні сағат 21:05-те болды. «Ланд Крузер Прадо» автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласының Пацаев көшесімен келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіге жол бермеді. Салдарынан 2006 жылы туған жасөспірімді қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды«,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

ҚР ҚК «Жол қозғалысы ережесін бұзу« бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жүргізуші Ақтөбе қалалық уақытша ұстау изоляторына қамалды.

»Мұндай қайғылы оқиғаны болдырмау үшін жүргізуші мен жаяу жүргінші жол қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауы қажет. Жүргізуші жаяу жүргінші жолдың жүріс бөлігіне кенет шыққан жағдайда да әрекет ете алатындай жылдамдықпен қозғалуы тиіс«,- деді Е.Сарқұлов.


Муаллиф Алтынай Сағындықова
Калит сўзлар: Ақтөбе облысы, Оқиға, Көлік, ҚР ІІМ,
Юқорига