Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстанның жаңа инвестициялық саясатының тұжырымдамасы әзірленіп жатыр

29 Ноябрь 2021 14:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі жаңа инвестициялық саясатының тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде министрлік мемлекеттік органдармен және Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі жаңа инвестициялық саясатының тұжырымдамасын әзірлеуде. Тұжырымдама жаңа инвестициялық циклды қалыптастыруға және коронавирус инфекциясы пандемиясынан туындаған жаңа трендтерді ескере отырып, инвестициялар тарту саясатын қайта қарастыруға мүмкіндік береді», - деді Ә. Әбдіқадыров Орталық коммуникациялар қызметінде.

Нәтижесінде, еңбек өнімділігін арттыруға және экспорттық қоржынды күрделендіруге бағытталған сапалы инвестициялар тартуға бағытталған жүйелі іс-шаралар іске асырылатын болады.

«Тұжырымдаманы іске асыру үшін жүйелі және салалық іс-шараларды іске асыру жөніндегі егжей-тегжейлі іс-қимыл жоспары әзірленетін болады. Тұтастай алғанда, аталған барлық жағдайларды жасау экономиканы дамытудың және халықтың әл-ауқатын арттырудың түйінді драйверіне айналатын жаңа инвестициялық циклды іске қосуды қамтамасыз етеді», - деді вице-министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Әлішер Әбдіқадыров пандемияның шектеу іс-шаралары жағдайында жаһандық тікелей шетел инвестициялары ағындары 35%-ға төмендегенін айтты.

Биыл Қазақстанға 20 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылмақ.


Муаллиф Руслан Ғаббасов
Калит сўзлар: Инвестициялар, Экономика, Басқа меморгандар,
Юқорига