Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақтөбеде екі оқушыны көлік қағып кетті

29 Ноябрь 2021 13:44

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде екі оқушыны қағып кетті. Екеуі де ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірінші оқиға 26-қараша күні Алға қаласында тіркелді. Сағат 12:40-та «Daewoo Nexia» автокөлігінің жүргізушісі Есет батыр көшесіндегі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 9 жастағы жеткіншек Ақтөбе қаласындағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Сондай-ақ 27-қараша күні дәл осындай жағдай Қандыағаш қаласындағы Жамбыл көшесінде тіркелді. «Audi-80» автокөлігінің жүргізушісі Қандыағаш қаласындағы №5 орта мектептің жанында 2011 жылы туған кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған қыз бала Қандыағаш де тірқаласының орталық ауруханасына жатқызылды»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Муаллиф Алтынай Сағындықова
Калит сўзлар: Ақтөбе облысы, Оқиға, Көлік, ҚР ІІМ,
Юқорига