Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматы облысында 850 мыңнан аса адам вакцина алды

29 Ноябрь 2021 11:32

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 850 мыңнан аса адам вакцина алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылдың 29 қарашасындағы жағдай бойынша Алматы облысында вакцинаның І компонентін 854 140 адам алды. Бұл облыс тұрғындарының 71%»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, Ақсу ауданының халқы 100 пайыз індетке қарсы екпе алған. Яғни, 21 792 адам коронавирусқа қарсы егілді. Ал өзге елді мекендегі екпе алған халықтың көрсеткіші төмендегідей.

Алакөл ауданында – 27 221 (69%), Балқаш ауданында 17 356 (100%), Еңбекшіқазақ ауданында – 119 741 (70%), Ескелді ауданында – 19 634 (76%), Жамбыл ауданында – 76 437 (78%), Іле ауданында – 98 860 (76%), Қарасай ауданында – 130 012(79%), Қаратал ауданында – 16 614(61%), Кербұлақ ауданында – 22 680(82%), Көксу ауданында – 19 525 (82%), Панфилов ауданында – 45 460 (60%), Райымбек ауданында – 17 439 (76%), Сарқан – 16 636 (80%), Талғар – 58 990 (49%), Ұйғыр – 22 286 (62%), Қапшағай қаласы – 28 507 (79%), Талдықорған қаласы – 61 517(60%), Текелі қаласы- 19 416 (99%) және Кеген ауданы- 14 017 (80%).

Сонымен қатар, 782 900 адам (65%) иммундаудың толық курсынан өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында 1927 жасөспірім Pfizer вакцинасын алғанын хабарлаған болатынбыз.



Юқорига