Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Арал теңізінің құрғаған ұлтанына 1,1 млн гектар сексеуіл егіледі

16 Октябрь 2021 02:25

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Арал теңізінің құрғаған ұлтанына алдағы бес жылда 1,1 млн гектар сексеуіл егіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында сала қызметкерлерімен жүздесті.

Жүздесуде аймақ басшысы Қызылорда облысының еліміздің шөлді аймағында орналасқанын атап өтті.

Экологиялық аймақта қоныс тепкен өңірде орман шаруашылығының орны бөлек.

«Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен Арал теңізі және сол аумақты экологиялық сауықтыру бағытында нақты жұмыстар атқарылуда. Облыста 6,5 млн. гектарды құрайтын мемлекеттік орман қорының 3,4 млн. гектары - орманды алқап. Оның 89 пайызында негізгі орман құраушы сексеуіл ағашы орналасқан. Сыр өңірінің табиғатын сауықтыру, орманды сақтау, егу, қорғауда сала мамандарының үлесі зор»,- деді облыс әкімі.

Жүздесуде аталған саланың бірқатар қызметкері Қызылорда облысының Құрмет грамотасы және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Сала ардагерлері Мұрат Төлеғұлов пен Мырзамұрат Ибраев аймақ басшысына орманшыларға көрсеткен құрметі үшін алғыс білдірді.

Әріптестерін өңірді жасыл желекке орап, одан әрі көркеюіне атсалысуға шақырды.

Алдағы бес жыл ішінде 1,1 млн гектар алаңда фитоорманмелиорациялық жұмыстар жүзеге асырылады.

Биыл 100 мың гектар сексеуіл егіледі. Ол 2022-2025 жылдар аралығында жыл сайын 250 мың гектарды құрайды.




Алдағы 3 жылда орман шаруашылығы мекемелерінің материалды-техникалық базасын нығайтуға облыстық бюджеттен 1,8 млрд теңге қаржы қарастырылып отыр.

Келешекте фитоорманмелиорациялық жұмыстар үшін халықаралық ұйымдардың (Дүниежүзілік банк, USAID, Герман ынтымақтастық қоғамы (GIZ) қаржысы тартылады.

Дүниежүзілік Банктің қайтарымсыз қаржысы есебінен келесі жылдан бастап «Қазақстан Ландшафтарын қалпына келтіру жөніндегі» жоба аясында қажетті сексеуіл көшеттерін дайындау үшін тұрақты орман питомнигін құру, орман шаруашылығы мекемесіне қажетті техникалар сатып алу ойластырылып отыр.

Оған қоса Арал теңізінің құрғаған ұлтанының 500 мың гектарын картаға түсіру, 100 мың гектарына жобалық іздестіру және Қызылорда қаласы маңында 3 мың гектарға жасыл аймақ құру бойынша жұмыстар басталады.

Еске салсақ, алдағы уақытта Аралда «Балықшылар» саябағы ашылады.

Муаллиф Әділжан Үмбет
Калит сўзлар: Арал, Экология, Қызылорда облысы, Аймақ,
Юқорига